Мектеп оқушысы 16-қабаттан секіріп, қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөзден
Талдықорғанда 11-сынып оқушысы 16-қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды
Қайғылы оқиға 16 мамыр күні кешкі сағат 19.00 шамасында Болашақ шағынауданында болған.
Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, марқұм болған оқушы қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде оқыған.
«Сабақ үлгерімі жақсы, мінезі тұйық, сыныптастарынан оқшауланып жүретін, мектепішілік есепке алынбаған. 21 мамыр күніне ҰБТ тапсыруға тіркелген. Әлеуметтік жағдайы орташа, көпбалалы отбасы, отбасындағы 4-бала. Сабаққа келмеген күндеріне денсаулығына байланысты анықтама әкелетінін ескерткен», – дейді облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
Пікірлер (1)
Флэй арыстан компаниясы оте дореки ,акысы кымбат сапасына сай емес реистер уннеми кешигип журеди бул жагдайды бей жай калдырмау керек жауапка тартылсын