""Forte bank" орыстандыру саясатын жасап жатыр" банктың экс-қызметкері мәлімдеді (видео)
Сурет: Ашық дереккөзден
Бос жұмыс орнына жариялаған хабарландыруда "қызметкерге қазақ тілін білу маңызды емес" деген сөз көпшіліктің наразылығын білдірген еді. Бұл ситуацияда Forte Bank компаниясы жасанды интеллект яғни роботтан кеткен қателік деп жауап берді.
Алайда көп ұзамай Forte Bank-тың бұрынғы қызметкері бұл мәлімдемені жоққа шығарды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Банктың экс-қызметкері Мағжан Ысқақов әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты вмдео үндеу жариялады.
"Форте банктың мәселесіне барлығы жазып жатыр. Форте банктың өзі де жазып жатыр. Роботтың жіберген қателігі емес. Осыдан 3-4 жыл бұрын Forte bank-те жұмыс жасаған кезде бұл система әлі де акуалды еді. Орыс тілін білетіндерге немесе орыс тілін міндетті түрде білетіндерге жұмыста көтерілуге, баспалдақ бойынша жоғары көтерілуге жоғары мүмкіндік жасалатын да, ал қазақ тіліне айтарлықтай көңіл бөлінбейтін.Қатты көңіл бөлінбейтін, сол себепті айтылып жатқан соңғы посттарындағы қазақ тілін құрметтеуге байланысты, роботтың жіберген қателігіне байланысты оның бәрі өтірік әңгіме",-деп видеода мәлімдеді банктың бұрынғы қызметкері Мағжан Ысқақов
Мағжан Ысқақовтың айтуынша Forte bank орыстандыру саясатын жасап жатыр дейді.
Пікірлер (2)
Қазақстанда жұмыс жасап отырған банк.Қазақ тілін білу шарт.Барлық құжаттар қазақ тілінде болу керек.,неге өз елімізде орыс тілінде сөйлеуіміз керек.Қазақтың ақшасы жақсыда, тілі жаман ба?Жауапқа тартылсын.Олар орыстар тілімізді,елімізді қорлап тұр.Орыстар Ресей де Қазаққа, өзбекше, қырғызға,тәжікке өз ана тілінде көше болсын,басқа жерде болсын сөйлетпейді.
Оршада казахшада білу манызды халык пен жумыститің банк, пракуратура тексеріп отуру керек(любой банк).. так же общественные заведения (кафе,рестаран,торговые центр, и т.д) әр ашылаған фирма халыкпен жумыстейтің..қазақ тілі мындет болу керек басқа тіл ол косымша, сонда халықты мошейник тер коп алдан аялмайт.. уйткені орыс тіліне жауап кутет