Қазақ тілінің мәселесін көтерген азаматқа айыппұл салды
Сурет: Ашық дереккөзден
Шымкент қалалық полиция департаменті қала тұрғыны Бақытжан Нақыпқа «тіркелмеген ұйымның мүшесі ретінде» қазақ тілі мәселесін көтеріп, қала прокуроры мен тіл жанашырларын Бәйдібек би ескерткішінің алдына шақырғаны үшін айыппұл салды. Бақытжан Нақып тағылған айыппен келіспейді, деп хабарлайды janabastau.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Полиция хаттамасына қарағанда, Бауыржан Нақып TikTok әлеуметтік желісіндегі «Qazaq» каналында тіркелмеген «Тіл майданы» ұйымының мүшесі ретінде үндеу жариялап, тіл жанашырларын 7 мамыр күні Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан Бәйдібек би ескерткішінің алдына шақырған. Сөйтіп Әкімшілік кодекстің «Тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» бабы (489-бабы 10-тармағы) бойынша айыпталған. Оған 184 600 теңге (419 доллар) айыппұл салынған.
Жауапкер тағылған айыппен келіспеген және әкімшілік хаттамаға қол қоюдан бас тартқан.
Бақытжан Нақып Азаттыққа «Тіл майданы» ұйымы жөнінде ешқашан естімегенін және оған тіркелмегенін айтты. Мәселе 2 мамыр күні қалалық прокуратура кеңсесіне барып, қазақ тілі мәселесін көтергеннен кейін басталған. Бұл хатта ол 7 мамыр күні тіл жанашырларымен бірге қала прокуроры Ғабит Мұқановты кездесуге шақырған. Прокурордан прокуратура қызметкерлері қазақ тіліне қатысты заңның орындалуын неге қадағаламайтынын сұрамақ болған.
– Айыппұл салуға негіз жоқ. Прокуратураға жолдаған хат пен әлеуметтік желіде жариялаған үндеуде де «Тіл майданы» ұйымы туралы бір ауыз сөз жоқ. Бұл – жала, – дейді қала тұрғыны.
Ол TikTok желісіндегі соңғы видеолардың бірінде Шымкент қалалық прокуратурасының қақпасында “қызметтік көліктерге ғана арналған” (для служебных автомашин прокуратуры города Шымкент) деген жазу тек орыс тілінде ғана барын, неге мемлекеттік тілде ескерту жазылмағанын алға тартып, полициядан хаттама толтыруды сұрайды. Оның айтуынша, мұнда тіл туралы заң бұзылып тұр.
7 мамыр қала прокуроры мен тіл жанашырларын кездесуге шақырған күні полиция Бақытжан Нақыпты шақыртусыз үйінен алып кетіп, полиция бөлімінде төрт сағат ұстаған. 11 мамыр күні айыппұл салған.
Пікірлер (5)
СССР туын көтеріп насихаттау Қазақстанға тәуедсіздігіңді қайтар одаққа кір деген ұран.Бұл насихатты қпзақ үкіметі қолдацды екен.Оларға шектеу жасамай,бетінен қақпай,жалғастырып,наразы болған қазаққа қамау шарасвн жасапты.Үкіметі тәуелсіздіктен бас тартып сатылып отыр.
Қазақы деген Шымкенттіктердің өзі бұлай қазақ тіліне қарсы жұмыс жасаса, басқа жердегілерден не қайыр? Құлдық империясына деген махаббат оларды тіпті өз-ата бабасына қарсы, өз ата-бабасының тіліне қарсы мәңгүрт әрі ессіз етіп жіберді! Бұл кері кеткен ұлттардағы надандар жасайтын трагедия!
Мемлекет тілін кажеті жоқ деген банкірді Сотка беру керек еді.Себебі Ата занда Мемлекет тіл Қазақ тіл деп тұр.Соны Сот шешетін еді,кімдікі дурыс ,кімдікі бурыс екенін.Неге десен Казакстан демократия Ел.
Шын мәнінде қазақтарға даяшылық жасайтын,қазақтар өздері әділ сайлаумен құрып алған үкіметі жоқ,мына тұрған үкімет орысқа ғана қызымет жасайды. Қазақ үкіметін құр,қазақ!
Шын мәнінде қазақтарға даяшылық жасайтын,қазақтар өздері әділ сайлаумен құрым алған үкіметі жоқ,мына тұрған үкімет орысқа ғана қызымет жасайды. Қазақ үкіметін құр,қазақ!