Елге «боғауыз завуч» деп танылған Ұлжан Елмұратоваға үкім шықты
Сурет: Ашық дереккөзден
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істеп, алаяқтық жасады деп айыпталған Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталды, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Сұмдық сот. Балағат сөздер айтатын Ұлжан Елмұратова 6 жылға сотталды. Аз әрине. Бірақ соттың үкімінен кейін вампирдің анасы мен сіңлілері мені ұрмақшы болып Жүсіп Ақшора көкем айтқандай осылай жанжал, төбелеспен аяқталды. Олардың ойынша боғауыз вампирді мен соттатқан сияқтымын. Кейін сыртқа шыққан соң тағы да қырғын болды. Соттың терезесін қиратып неше түрлі өнер көрсетті», - дейді Құрал Сейітханұлы есімді желі қолданушысы.
Еске сала кетейік, ол көлік жүргізушісін және оқушыларды балағаттан видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғамның қатаң сынына ұшыраған еді.
Пікірлер (0)