Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? – Антикор жауап берді
Жаңалықтар
698
Сурет Ашық дереккөзден
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусинге қатысты қылмыстық іс өндірісте жоқ», – делінген Антикор таратқан хабарламада.
Пікірлер (0)