Үш жасар қыздың зорлануы бойынша Ақтөбе облысы полициясы сараптама қорытындысын жариялады
Сурет: Ашық дерек
2024 жылдың 14 мамырында Ақтөбе қаласындағы емдеу мекемесіне облыс тұрғыны 3 жасар баланы жыныстық зорлық-зомбылық іздерінің бар-жоғына тексеру жүргізу туралы өтініш білдірді. Осы өтініш бойынша жедел-тергеу тобының дереу шығуы қамтамасыз етілді. Қылмыстық іс тіркеліп, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілді, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Сот-медициналық сарапшының алдын ала мәліметтері бойынша, жас баланың жыныс органдарының аймағында дене жарақаттары жоқ. Сонымен қатар қылмыстық іс полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды. Оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексеріліп жатыр. Барлық тергеу шаралары процессуалдық прокурордың қатысуымен жүргізіледі», – деді Ақтөбе облысы Полиция департаментінен.
Тергеу Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.
Пікірлер (0)