Мектеп басшылығы бухгалтермен бірігіп 48 миллион теңге жымқырған
Сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды. Оларға педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды janabastau.kz Aikyn.kz -ке сілтеме жасап.
Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер (0)