Ғылым ордасы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
view 30
news

Фотосурет: дереккөз

2026 жылғы 26 ақпанда Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов пен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Құжаттың басты мақсаты – ғылыми, мәдени және білім беру салаларындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ ғылыми және мәдени мұраны сақтау мен насихаттау ісінде ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті арттыру.

Меморандум аясында тараптар бірлескен ғылыми іс-шаралар ұйымдастыруға, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың, сондай-ақ ғылыми еңбектердің электрондық көшірмелерімен алмасуға уағдаласты.

Сонымен қатар тарих, мәдениет және рухани мұра салаларында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу, тарихи және ғылыми мұраны кеңінен насихаттау, деректер базалары мен өзге де ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы ақпараттық қызмет көрсету бағытында бірлесіп жұмыс істеу көзделген.

Аталған меморандум екі мекеме арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің ғылыми және мәдени мұрасын сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды бастама болмақ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *