Яна Легкодимованы өлтіргендер «Қара бүркітке» жіберілді
Фото: Tengrinews.kz
Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов Қостанай облысында орналасқан «Қара бүркіт» түрмесіне жіберілді. Бұл ақпаратты Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған екі айыпталушы 19 сәуір күні арнайы вагонмен түрмеге жіберілген.
Еске салайық, Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Катимовқа қатысты сотүкімі 2025 жылдың 17 қарашасында шықты. Сот оларды жәбірленушіні аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Ақпан айында айыптылардың аппеляциялық шағымы қаралды. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.
Сот үкіміне сәйкес, олар жазасын ерекше режимдегі «Қара бүркіт» мекемесінде өтеуі тиіс.
Пікірлер (0)