Яна Легкодимованың өлімі: Өмір бойына сотталғандар сот үкіміне шағым түсірді

Жаңалықтар
view 147
news

Фото: instagram.com/legkodimova_

Атырауда Яна Легкодимованың аса қатыгездікпен өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталғандар үкімге апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Әбділ айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тергеушілер 23 жастағы Яна Легкодимованың өлімі туралы сұмдық деректі айтты (ВИДЕО)

«Қол-аяғы, жамбасы жоқ»: Сотта Яна Легкодимованың табылған қаңқасы көрсетілді

Атырауда жас қызды өлтірген жас жігіттер өмір бойына сотталып кетті

«Басқа ер адамдармен кездесіп жүргенін білдім»: Атыраудағы жас қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

Сотталғандар жеңілірек жаза сұрайды

Оның айтуынша, айыпталушылар мен олардың қорғаушылары алдын ала апелляциялық шағым берген.

Қылмыстық істер бойынша үкім жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде шағым түсіруге мүмкіндік беріледі. Үкім 17 қарашада шықты. Қорғау тарапы үкіммен толық танысқаннан кейін апелляциялық шағымды толықтырып, өз уәждерін кеңінен ұсынуы мүмкін. Қазіргі таңда тек алдын ала апелляциялық шағым бар, – деді жәбірленуші тараптың өкілі.

Ажар Әбділдің сөзінше, қорғау тарапының негізгі талабы – өмір бойғы жазаны жеңілірек жазаға ауыстыру.

Менің білуімше, апелляциялық шағымда қорғау тарапы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыруды сұрап отыр, – деп түсіндірді ол.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «23 жасына дейін пәк болды»: Бойжеткенді өлтіргендердің соты қалай өтіп жатыр

«Тұншықтыр, мойнын сындыр!»: Атырауда жас қыздың өліміне күдіктілер өзара хат жазысқан

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *