ІІМ қазақстандықтарға қатаң ескерту жасады
Фото: yandex.kz
Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қауіпсіздік үшін:
аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды;
алыс сапарларды кейінге қалдыруды; жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды;
қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды;
көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтау сұралады.
Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз, - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова.
Пікірлер (0)