Қазақстанда адам құқықтары бойынша шағым 45%-ға өскен

Жаңалықтар
view 34
news

Фото: gov.kz

Биыл Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен оның өкілдерінің атына азаматтардан 9,7 мыңнан астам шағым түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға көп, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев құқық қорғау институтының 2025 жылғы жұмыс қорытындысына арналған отырыс өткізді. Омбудсмен мен оның өкілдеріне жолданған азаматтардың өтініштер саны өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға өсіп, 9,7 мыңнан асты, — делінген хабарламада.

Шағымдарды қарау нәтижесі бойынша келесідей шаралар қабылданды:

71 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

4 қылмыстық іс қозғалды;

Уәкілетті органдарға 150 ұсыным жолданды.

Бір жыл ішінде уәкіл мен оның өкілдері мекемелер мен ұйымдарға 818 рет барды. Тексерулер нәтижесінде 2 438 ұсыным енгізіліп, оның 2 029-ы орындалды. Нәтижесінде 329 қызметкер тәртіптік, 76-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 қылмыстық іс тіркелді.

Отырыс барысында өкілдер жұмысының тиімділігін арттыру және жергілікті жерлердегі бұзушылықтарға жедел әрекет етуді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар қаралды. Қорытындылай келе, Артур Ластаев өтініштерді қарау сапасын арттыруды, бақылаудағы мекемелерді аралау ауқымын кеңейтуді, құқықтық ағарту жұмыстарын жандандыруды және заңнамалық бастамалар бойынша жұмысты жақсартуды тапсырды, — делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *