Иран билігі хиджаб киюді міндеттейтін заңның күшін жойды

Жаңалықтар
view 70
news

Фотосурет: WAEL HAMZEH/EPA/TASS

Иранның Мақсаттылықты тексеру кеңесінің мүшесі Мохаммадреза Бахонер елдегі хиджабты міндетті түрде кию туралы заңның күшін тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Құқықтық және заңдық тұрғыдан алғанда, хиджаб туралы заң жобасы енді орындалуға жатпайды. Иранда хиджаб кию енді заң жүзінде міндетті емес және бұл үшін ешқандай айыппұл, жаза немесе құқықтық салдар болмайды. Мұны полицияға да айтыңдар! – делінген Мохаммадреза Бахонер жазбасында.

Бұл мәлімдеме елдегі хиджаб мәселесіне қатысты ұзаққа созылған қоғамдық пікірталастар мен талқылаулар аясында жасалған. Енді Иран тарихында алғаш рет хиджаб кию әрбір әйелдің жеке таңдауы ретінде танылып отыр.

Бұл өзгеріс Иранның құқықтық және әлеуметтік кеңістігінде маңызды тарихи қадам ретінде бағаланып, жеке еркіндік пен таңдау құқығын құрметтеу қағидасын нығайта түседі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *