Қалалық Соттың басшысы тағайындалды
Қосшы жаңалықтары
194
18 шілде Қосшы қаласының әкімдік ғимаратында Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек Қосшы қалалық сотының төрағасы таныстырды, – деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Шынар Шәкенова.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен Ақмола облысы, Қосшы қалалық сотының төрағасы болып Нұрлан Бекенов тағайындалған болатын. Осыған дейін Нұрлан Садуұлы Атбасар аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған тәжірибелі маман.
Таныстыру барысында қала басшысы Гайдар Қасенов қалалық соттың төрағасына қызметіне сәттілік тілей отырып, қаламыздағы көптеген мәселелердің реттелуіне және шешілуіне атсалысуға шақырды.
«Бүгінде қаламыздың жер, жол, сәулет секілді маңызды салалар мен мемлекеттік құрылым басшыларының ерекше назар аудару тиіс мәселелер бар. Осы мәселелер төңірегінде болған һәм болатын кез-келген сот процессіне басқарма басшылары және жауапты тұлғалар барлық қажетті материалдар мен мәліметтерді дер кезінде беруді, сот отырысына тікелей қатысуды тапсырамын. Мұнымен қоса, тұрғындардың мүддесі қозғалатын түрлі мәселелер бар. Осыған байланысты Нұрлан Сәдуұлы жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне үлкен ілтипатпен, объективті қарауыңызды сұраймыз. Өз тарапымыздан Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын адал орындай отырып, әділ сот төрелігін жүзеге асырудағы қызметіңізге табыс тілейміз», – дейді қала әкімі.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)