Канадалық жігіт 17 жылдан кейін Анасын іздеп тапты

Жаңалықтар
view 501
news

Сурет: aikyn.kz

Канадалықтар асырап алған қазақ баласы 17 жылдан кейін кеше Ақтаудағы анасымен кездесті, Janabastau.kz деп  хабарлайды  «Маңғыстау» облыстық телеарнасына сілтеме жасап.

«Кішкентай кезінен Жандосқа оны асырап алғанымызды айтып келдік. «Туған анасын көргісі келе ме, жоқ па?» деген сұрақты да өзіне қалдырдық. Ол Торонтода ұлты қазақ достарымен жиі кездесіп, араласып тұрады. 17 жасқа толғанда достары да анасын табуға кеңес берген. Біз ниетін қолдадық. «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының авторына хабарластық. Ол бізге Жандостың анасын табуға көмектесті. Ақтауға келіп, Жандостың туған анасымен кездестік», - дейді Жандосты асырап алған анасы Шанас Мұхамед.

Телеарна мәліметінше, Жандос анасымен, туған бауырларымен қауышқаннан кейін қазіргі ата-анасымен өзі тәрбиеленген сәбилер үйіне  барған. 

«Анам менен көз жазып қалса да, тастап кетсе де оған өкпем жоқ. Анамды жазғырғым келмейді. Болашаққа көз тастаймын, екеуміздің тағдырымыз сондай болды. Егер мені Канадаға алып кетпегенде, сол жақта өспегенде, қазіргі қырларым ашылмас па еді? Мені барлығы керемет қарсы алды. Менің халқым, ұлтым қонақжай екен», - дейді Жандос Рейн.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *