Қаңтар оқиғасы: Бас прокуратура қаза тапқан 230 адамның деректерін айтты

Жаңалықтар
view 96
news

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 230 адамның деректерін айтты. «Ел бойынша барлығы 230 адам қаза тапты, оның ішінде 19 әскери және күш құрылымдары қызметкері бар. Алматы қаласында ең көп адам қаза тапты, олардың саны – 139 адам. Бүгінгі таңда әкімшілік ғимараттардың шабуылына тойтарыс беру кезінде және құқық тәртібін жүргізу барысында 86 шабуылдаушының көзі жойылғаны анықталды. Қайтыс болған 53 адамның өлімінің мән-жайы анықталуда. Олар қала аумағында түрлі жарақаттармен, соның ішінде 48 оқ жарақатымен, 2 пышақ жарақатымен табылды, 3 адамның денесінен басқа күйік және басқа жарақаттар анықталды», - деді Берік Асылов «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына берген ауызша жауабында. Сондай-ақ, ол құқық қорғау күштері басқа 7 өңірде әкімшілік, полиция және ҰҚК департаменті ғимараттарын қорғау кезінде 63 шабуылдаушының көзін жойғанын айтты. «Бүгінгі таңда біз 20 азаматтың атысқа кездейсоқ тап болып, қайтыс болғаны туралы нақты білеміз. Оның 11-і Алматы қаласында, 8-і Алматы облысында және біреуі Тараз қаласында. Олардың ішінде қиратушылардың қолынан қаза тапқандар, сондай-ақ блок-бекеттерде әскери талаптарға бағынбағандар да бар», - деді Бас прокурор. https://www.inform.kz/kz/kantar-okigasy-bas-prokuratura-kaza-tapkan-230-adamnyn-derekterin-aytty_a3910757  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *