Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды – Марат Ахметжанов
Жаңалықтар
96
Заңсыз қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.
«Заңсыз қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар не әкімшілік, не қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамын», - деді министр. Сонымен қатар ұрланған қару-жараққа қатысты кез келген ақпаратты «102» немесе 72-22-45 нөмерлеріне хабарлауды сұрады. «Елімізде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шара қабылдануда», - деп аяқтады сөзін Марат Ахметжанов.
https://www.inform.kz/kz/zansyz-karudy-oz-erkimen-tapsyrgandar-zhauapka-tartylmaydy-marat-ahmetzhanov_a3910754
Пікірлер (0)