Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек беріледі

Редакция таңдауы
view 153
news

Қарттар күніне орай елордада тұратын 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 1 қазан – Қарттар күніне орай, жасы бойынша 91 672 зейнеткерге және зейнеткерлік жастағы адамдарға зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарынан 2,5 АЕК (7 950 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы – 730 млн теңге. Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласы бойынша филиалы Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы департаментінің тізімдері негізінде елордада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға жүргізіледі. Әлеуметтік төлем 3 қазанға дейін жүзеге асырылады. Айта кетсек, осы мерекеге орай елордалық мәдениет, білім беру, спорт мекемелері аға ұрпаққа қамқорлық, құрмет көрсетуге бағытталған көптеген іс-шара өткізеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *