Тарихымыз орыс бекінісінен басталмайды – тарихшы 

Редакция таңдауы
view 477
news

«Қазақ жеріндегі жер-су және елдімекен атауларын ХІХ ғасырда орыс-казактары салған бекініспен (қорғаныс) байланыстыру – ең бірінші сауатсыздық, екіншіден құлдық сана», – дейді тарихшы Нұржан Игібаев. «Тарихта қазақ жеріне ХІХ ғасырда патшалық Ресейдің айдап салған қол шоқпары казактар (әскерилер) келіп бекініс сала бастады. Ал қазақ жерінің, жер-су атауларының тарихы одан әрі де», – дейді ол. Нұржан Игібаевтың көтеріп жүрген негізі мәселесі өзі туып-өсткен Ақмола өңірі, соның ішінде Бурабай ауданының орталығы Щучинскнің атауына қатысты болып отыр. Бұл жайлы аудандық Мәдениет бөліміне хат жазып, арнайы комиссия құрып талқылауды ұсынған. Алайда аудандық Мәдениет бөлімі бұған құлақ аспапты. Тіпті ол осыған байланысты ол ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смаиловқа да ашық хат жазғанын айтады. «Маусым айында Щучинск қаласының мәдениет бөлімінің басқармасына хабарласып Щучинск қаласының пайда болған мерзімін қайта қарастыру туралы сауал қойдық. Бізге ізгі ниет білдіріп «ресми хат жолдаңыздар» деп жолын айтты. «Tugurul han – On han» корпоративтік қордың атынан Бурабай ауданының әкіміне хат жолдадық. Хатқа жауап ретінде Ғылыми конференция ұйымдастырып жергілікті әкімшілікке түсініктеме жасау керек деп бір дата белгіледі. Біз осы Солтүстіктің тарихын және Щучинск мекені туралы жетік білетін ғалымдар мен өлкетанушыларды ұйымдастырып конференцияға дайындықты бастадық. Белгіленген күн Бурабай аудандық мәдениет басқармасының тарапынан қайта өзгертілді. Кейінге шегерілді. Екінші мәрте белгіленген күн тағы өзгертілгенде біз оның әдейі құйтырқы жасалып жатқанын түсіне бастадық. Ғалымдарды, өлкетанушыларды ұйымдастыру оңай шаруа емес. Соны біліп істегенге ұқсайды», – дейді Нұржан Игібаев. Оның айтысына қарғанда, жерігікті орын зиялы қауымның уәжіне құлақ аспай біршама сөз бұлтаққа салған көрінеді. «Ал енді Щучинск қаласының қалай тарихи аренада пайда болғанына келейік. 1850 жылы станица құрылған екен. Ал станица дегеніміз ҚАЛА ма? Станица дегеніміз қорғаныс мақсатында бір ауылда, мекен жайда орнатылған әскери нысан. Нақты Щучинск қаласына келетін болсақ желідегі ашық ақпарат бойынша «село Щучье», яғни онда да ауыл деп көрсетілген. Ал 1939 жылы «село Щучья» болып өзгеріпті», – дейді тарихшы. Алайда мұндай аудандық Мәдениет бөлімінде мұндай тарихи деректермен жұмыс істей алатын мамандар бар жоғы да белгісіз көрінеді. «Мәдениет басқармасының бізге берген жауап хатында Щучинск қала болған мерзімі дәлелденген деп жазған екен, яғни біздің ұсынған ғылыми кітап та, монография да ескерілмеген және қаралмаған. Тіпті, ол мәселе туралы бір ғылыми еңбек жарияланбаған ғылымнан шет қалған Қазақ хандығы Көкшетауда болған деп сабақ беретін «Перефериядағы» институтқа сілтеме жасаған. (Орталық және Солтүстік қазақ территориясы Сібір жұрты және олар өзге протоқазақ тайпаларынан құрылған, Қазақ хандығына көрші мемлекет екендігін білмегендіктен болар)», – дейді ол. Нұржан Игібаевтың айтуынша, солтүстік өңірде мұндай мысалдар көп. Соның бәрін дәл осы кезде қайта қарастыруымыз ел тұтастығы үшін, тарихи шындық үшін өте маңызды. «Көтеріп отырған мәселе Қазақ халқы үшін өзекті. Орыс империясының отарлау саясатына «Горькая линия», одан кейін болған ашаршылыққа «Зұлмат» осы күнге дейін нақты баға берілген жоқ. Станица болды, оған дейін елді мекен болған жоқ дегенге келіспейміз. XIII-XVI ғғ. Щучинск орналасқан жерде Сібір жұрты болды және сол жұрттағы БҮРКҮТ тайпасы (протоқазақ) мекендеді, солардың көне аулдары болды. Оған ерте замандағы карталарда кездесетін көптеген топонимикалық атаулар куә болады. Көкшетау таулары мен қыраттар ежелден Бүркүт (Бүркіт құсы емес, тайпа атауы). Дәлел мен дерек көздерін Бурабай ауданы мәдениет бөліміне тапсырдық», – дейді Нұржан Игібаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *