Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды
Редакция таңдауы
153
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды, деп жазады ҚР Президентінің Баспасөз қызметі.
Ақпаратта көрсетілгендей, Президент 19 қыркүйекте JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен де кездеседі.
Мемлекет басшысы Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жаһандық саммитке қатысады.

"БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр", – деп жазылған хабарламада.
Пікірлер (0)