Қайрат. Намыс. Жігер

Спорт
view 572
news

Тұңғыш рет Қосшы қаласында «Қосшы қаласы әкімінің ашық кубогы» атты таэквондодан WT турнирі ұйымдастырылды. Жарысқа бабымен бағы келіскен ұлдар және қыздар арасында 12 команда 210 қатысушы сынға түсті. Турнирге Алматы, Астана, Көкшетау, Семей, Екібастұз қалаларынан және қаламыздың «Golden time», «Taifun» командалары қатысты.

Бұл турнирдің мақсаты таэквондо мектебін қалыптастырып, Қосшы қаласының абыройын асқақтату. Салауатты өмір салтын насихаттау, мықты ұрпақ тәрбиелеу, таэквондоны олимпиадалық спорт түрі ретінде дамыту, жасөспірімдердің өз-өзін қорғайтын дәрежеге жеткізу болмақ. Жалпы, командалық есепте Қосшы қаласы 20 алтын алқаласа, Көкшетау 16, Семей 7, ал Астана қаласы 24 алтынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ жарыс қортындысы бойынша жас таэквондошылар әкім кубогымен, медальмен және мадақтамамен марапатталды. Сайыс ІТ мектеп-лицейінде өткен болатын. Қалалық спорт бөлімі, ұйымдастырушылар келген жатықтырушылармен жас таэквондошыларды жоғарғы деңгейде қарсы алып, ыстық лебіздерін білдірді. Қазіргі таңда спортпен айналысатын, жетістіке жетіп жүрген жастар көп. Әрине оларды жатықтырып тәлім-тәрбие беріп жүрген спорт майталмандары қаламызда жетерлік. Солардың бірі «Golden time» клубының жетекшісі – Алмас Бауыржанұлы. Осы байқаудың өтуіне мұрындық болған азамат. «Қосшы жаңа қала болғандықтан, қаламыздың намысын көтеруге бар күшімізді салып жатырмыз. Біз әртүрлі турнирлер мен чемпионаттарға барамыз, командалық орындарға ие боламыз, рингте нағыз шоу көрсетеміз біз осылайша, басқалар үшін есте қалуға тырысамыз. Балалардың кейбірі – Қазақстан, облыс чемпиондары және түрлі клубтық турнирлер жеңімпазы. Спортшыларымызды ынталандыру – менің басты міндетім. Оларды жеңіске жетудің әсерлі және тиімді әдістерін қолдана отырып, қаламызды жақсы жағынан көрсетуге бағытаймын» дейді Алмас Бауыржанұлы.  

Рамазан Бауыржан

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *