Қазақстан Әзірбайжанға көмек көрсетуге дайын

Редакция таңдауы
view 193
news

Лондондағы елшілігі экстремистердің шабуылына ұшыраған Әзірбайжанға Қазақстан қолдау көрсетуге дайын.  4 тамызда Әзірбайжанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігіне радикалды діни топ шабуыл жасаған болатын. Anadolu сайтының мәліметінше, дипломаттар зардап шеккен жоқ. Оқиғадан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап:  «Халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзу актілері жалпыға бірдей айыптауды және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді», – деді. Сонымен қатар «Дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды», – деп атап өтті ведомство. Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі топ мүшелерінің дипломатиялық өкілдік ғимаратына басып кіруін вандализм әрекеті деп атады. Қазір шабуылды ұйымдастырған 8 адам тергеуде. Ұсталғандарға елшілікке заңсыз кіріп, ғимаратқа зақым келтірген деген айып тағылып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *