Рим Папасы отставкадан бұрын Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездеспек
Редакция таңдауы
126
Денсаулығына байланысты отставкаға кететінін жариялаған Рим Папасы Франциск 13-15 қыркүйек аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек.
Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар бағдарламасы бойынша бірінші күні оның Қасым-Жомарт Тоқаевпен, азаматтық қоғам өкілдері және шетелдік дипломатиялық корпуспен кездесулері жоспарланған. Ресми сапардың екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына, сондай-ақ басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесулерге қатыспақ.
14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін дұға (месса) өткізеді. Сапардың соңғы күнінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуы тиіс. Кездесу жоспарланған өкілдер қатарында Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлері, монахтары және семинаристері бар.
Папа Иоанн Павел II-нің Қазақстанға тұңғыш сапары 2001 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында өткен болатын. Папа Франциск Қазақстан астанасында дәстүрлі түрде үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын растаған Рим-католик шіркеуінің бірінші басшысы.
Қазір 85 жастағы Францисктің қозғалысы қиындаған. Медиаға берген сұхбатында ол: «Менің ойымша, осынша жасымда және осындай денсаулықпен шіркеуге қызмет ете алу үшін өзімді күтуім керек немесе орнымды босату туралы шешім қабылдауым керек», – деген.
Кейіннен ол денсаулығына байланысты қызметінен кететінін растады. Бірақ алдымен өзі баруға уәде берген елдерге, оның ішінде Қазақстанға барғысы келетінін мәлімдеген.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)