Тайвань тәуелсіздігі үшін күрес: Пелоси сапары Қытай агрессиясын арттырды

Редакция таңдауы
view 322
news

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың қоқын-лоқысына қарамастан Тайваньға іссапарын бастады. Америка штаттық иерархиясында маңыздылығы жағынан үшінші орынды иеленген Конгресс Өкілдер палатасы спикерінің Тайваньға ширек ғасырдағы алғашқы сапары Қытай билігінің агрессиясын тудырып, аймақтағы шиеленісті үдетті. Пелоси бастаған делегация ұшағы аймаққа қонған сәтте Қытай Сыртқы істер министрлігі «Вашингтон «бір Қытай» қағидатын мақсатты түрде түрде бұзды» деп мәлімдеді. Өз кезегінде, Ақ үй Пелосидің Тайвань сапарына толығымен қолдау білдірді. Ресми мәлімдемесінде Байден: «Қытайдың Тайванға күш қолдану жөніндегі кез келген талпынысы жөнсіз. Өйткені ол әрекет Украинадағы жағдай сияқты тұтас аймақтың тыныштығын бұзады», – деді. АҚШ президентінің сөзінше, Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін Тайванды қорғаудың өзектілігі арта түскен. Тайвандағы билеуші партия 40 адамнан тұратын делегацияны зор қуанышпен қабылдады. Тайбэйдің орталығынк «Тайваньға қош келдіңіз, спикер Пелоси!» жазуымен сегіз метрлік жарықдиодты баннер ілінген. Сонымен қатар заң шығарушы юанның (аралдың заң шығарушы органы) алдына қызыл кілем төселді. Аймақта Қытай саясатына қарсы кішігірім протестолар да өткен. [caption id="attachment_1381" align="alignnone" width="678"] «Тайвань Қытай емес!». Фото: The New York Times[/caption] Бүгін Пелоси Тайвань аппаратының басшысы Цай Инвэнмен кездеспек. Саясаткер алдымен бейнеконференция өткізіп, одан кейін құрметті қонақтарға арналған үкімет сарайында кешкі асқа барады. Сапар бағдарламасында Цзинмей ауданындағы адам құқықтары мемориалдық саябағы, қорғаныс бөлімі, Тайвандағы америкалық институтты зиярет ету жоспарланған.

АҚШ делегациясы Тайванда саяси һәм тарихи сапар бастаса, Қытай Халық азаттық армиясы жұмадан бері Оңтүстік Қытай теңізінде оқу-жаттығулар өткізіп жатыр. 3-5 тамызда шығыстағы Чжэцзян провинциясында, кейіннен Тайвань төңірегіндегі бірнеше аудандарда Шығыс жауынгерлік қолбасшылық аймағы кемелерінің жаттығулары жоспарланған.

Мұнымен қатар Қытай Тайваньдан 200 шақырым жердегі Сямэнь қаласының су айдындарында жағалау күзеті кемелерінің санын арттырған. «Ляонин» және «Шандонг» әуе кемелері Тайвань аймағына жіберілді. Сапар қарсаңында Тайваньдағы қарулы күштер жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырып, спикер ұшағы бағытына жақын орналасқан базада жауынгерлерді топтастырды. Өз кезегінде Америка әскери-теңіз күштерінің төрт кемесі, соның ішінде Рональд Рейган ұшақ тасығышы Тайваньның шығысына қойылған. Окинавадағы әуе базасынан АҚШ әуе күштерінің сегіз F-15 жойғыш ұшағы, сондай-ақ бес танкер ұшағы Тайваньға қарай бағыт алды. Пелоси сапарының Тайвань үшін позитив қана емес негатив әсерлері де бар. Сапар барысында Қытайдың шығысындағы Сямэнь, Фучжоу және Цюаньчжоу қалаларының әуежайларында 290-нан астам рейс тоқтатылды. Қауіпті аймақта ресейлік компаниялар да ұшпайды. Сондай-ақ Бейжің Тайванның 3000 азық-түлік өнімдерін импорттауды тоқтатты. Шай, кептірілген жеміс, бал, какао бұршақтары мен көкөністер, сондай-ақ балық аулайтын қайықтарды өндіруші 100-ден астам жеке/заңды тұлғалар қара тізімге енгізілген. Вашингтонның бұл сапарына алаңдаушылық білдіріп, Қытайға қолдау білдірген мемлекеттер қатарында Ресей, Беларусь және Сирия бар. Қала орталықтарында «Қытай, сенімен біргеміз!» баннерлерін ілген Ресей АҚШ-ты арандатушы мемлекет деп, серіктесі Бейжіңге «мотивация берді». Еуропаның дамыған бірқатар елдері, соның ішінде Германия Қытайды халықаралық құқықты бұзбауға және Тайвань тәуелсіздігін мойындауға шақырды. Тайвань мен Қытай 1949 жылы бөлінген. Сол жылы елде революция болып, билікке Мао Цзедун бастаған коммунистер келген. Ал бұрынғы билік Тайваньға қашқан. Екі ел де Қытай мемлекеті атануға таласып, басында АҚШ тек Тайваньмен жұмыс істеген. Бірақ 1970 жылдары АҚШ дипөкілдігін Пекинге ауыстырды да, компартия басқаратын Қытаймен әріптестік орнатты. Қазір Тайвань өзін тәуелсіз мемлекет санайды. Ал Қытай оны бөлініп кеткен аудан көріп, елге қайта қосуды көздейді Пелоси соңғы 25 жылда Тайваньға келген Өкілдер палатасының бірінші спикері ретінде тарихта қалмақ. 1997 жылы АҚШ Конгресс палатасының сол кездегі төрағасы Ньют Гингрич Бейжің сапарынан кейін Тайваньға барған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *