«Тромб болды»: Ота кезінде Қабатовтың басының 25 пайызын кесіп алып тастаған
Фото: видеодан кадр
Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсеміздің YouTube-подкастына берген сұхбатында белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовтың Алматыдағы ауруханалардың бірінде басына ота жасатқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ешқашан блокқа қойған емеспін»: Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйеліне жауап берді
«Сатқындықты өз қолыммен...»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап отырып сұхбат берген (ВИДЕО)
«Құлап қалдым» деді»
Оның айтуынша, ол кезде Қабатовтың жағдайы күрделі болған. Алайда оның неден жапа шеккенін нақты білмейтінін жеткізді.
Неден болғанын білмеймін. Біреу ұрды ма деген ой да болды. Өзі “құлап қалдым” деді. Адамның басы 100 пайыз дөңгелек болса, соның 25 пайызын алған. Бас сүйегін ашып операция жасаған. Оның бас сүйегін қайта орнына қоя алмайды екен, орнына пластик қойылады екен. Үйге келген соң емін жалғастырды. Ер адам басына күн туса, әйелі керек болады ғой. “Тұрсынбек, сен неге сондайсың?” деп күлетінмін. Өнер адамдары да ауырады. Танымал адам болған соң жұрт та алаңдады. Біз де, балалары да уайымдадық, - деді ол.
«Басымның «қақпағын» алып тастады»
Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов операцияның себебін бастағы қанның ұйып қалуымен түсіндірген болатын.
Жақында басыма операция жасалды. Тромб болып, басымның “қақпағын” алып тастады. Қазір алдарыңызға жарты бас болып шығып тұрмын. Көп сөйлеп кетсем, түсіне жатарсыздар, - деген еді Қабатов.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қабатовтың әйелі оны көңілдесімен ұстап алған күні 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)
Пікірлер (0)