Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік саяси лауазым пайда болуы мүмкін
Саясат
424
«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Ашық» НҚА порталында жарияланған Президенттің Жарлық жобасына сай, енді мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер қатарына мынадай жаңа лауазымдар енгізіледі:
- Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының сектор меңгерушісі.
Айта кетейік, енгізілуі мүмкін лауазымдар В-3 санатына жатады.
«Президент Жарлығының жобасы меритократия қағидатын табысты іске асыру, сондай-ақ ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жұмыскерлерін ынталандыру мақсатында әзірленді. Жарлық жобасымен Жоғары аудиторлық палатаның сектор меңгерушілерінің, сондай-ақ Төрағаның көмекшісі және кеңесшісі лауазымдарын лауазымдар тізіліміне тиісті өзгеріс енгізу жолымен В-3 санатына жатқызу ұсынылады. Жарлық жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды», деді Жарлық жобасына түсіндірме берген Жоғары аудиторлық палата.
Құжат 24 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.
Пікірлер (0)