Қазақтың екі тарихи туы ғылыми сараптан өтті 

Руханият
view 487
news

1 шілде күні Л. Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінің «Ойтек» ғылыми орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Геральдикалық зерттеулер орталығының алғашқы  ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өткен болатын. Аталған кеңеске Ұлттық рәміздердің авторы, сәулетші ғалым Жандарбек Мәлібеков, белгілі түрктанушы ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы, алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртпай, Тарих институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Бүркіт Аяған, белгілі алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлұлы, белгілі қаламгер Бекен Қайратұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Әбсеметов, тарих ғылымдарының кандидаты Халиолла Ахметжан және тағы басқа кеңес мүшелері  қатысты. Кеңесте елімізге белгілі ғалымдар бұған дейін ел арасында әртүрлі нұсқалары тарап келген тарихи рәміздерді бірізділендіру мәселесіне тоқталды. Атап айтқанда, Ғұн мемлекетінің туы, Қазақ хандығының туы және Алаш Орданың туы сарапқа салынды. Қаржайбай Сартқожаұлы ұсынған Ғұн мемлекетінің туымен, алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы ұсынған Алаш туы ғалымдардың талқылауынан өтіп, бекітілді. Айта кетейік, тарихи тулар нақты тарихи деректерге сүйене отырып, геральдика ережелеріне сай  зерттеп-зерделену нәтижесінде бекітіледі. «Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті. Онда бұған дейін ғалымдар арасында дау-дамай тудырып келген әр түрлі туларды, сол  ғалымдардың талқысына салдық. Ғылым – дискурс болмай дамымақ емес. Қазір неше сияқты ту шығарып, халықты шатастыратындар көп. Мақсат – соны ғымыми тарихи негізде нақтылау, жүйелеу болатын.  Әзірге нәтиже жаман емес, ғалымдар алғашқы отырыста екі туды сараптай келе, бекітіп берді. Ал хандық дәуірдегі ту мәселесі әлі де біраз зерттеуді қажет ететін секілді», – дейді Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Баяжұма.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *