Моңғолиядағы қандасымыз Халық жазушысы атанды

Руханият
view 318
news

Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы Сұлтан Тәукей Моңғолияның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Халық жазушысы атанды деп хабарлайды janabastau.kz. Сұлтан Тәукейұлы –1944 жылы 17 қарашада Монғолияның Бай-Өлке аймағы, Ақкөл деген жерде туған. Ол – Монғолияның Сауда министрлігі департаментінің бастығы және екі рет Парламент депутаты болып сайланған. Монғолияның Венгрия, Австрия елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған. Жазушы С.Тәукей мемлекеттік жауапты қызметтерде жүріп, 1964 жылдан бастап әдебиетпен шұғылданып, проза, драма, аударма жанрларында жемісті еңбек етіп келеді. 20-ға жуық кітаптың авторы. Шығармалары орыс, украин, түрік, қазақ, қытай, венгр тілдеріне аударылып басылған.  С.Тәукей шығармаларын екі тілде – қазақ және монғол тілдерінде жазады. Қазақ жазушылары Ғ.Мүсірепов, Т.Ахтанов, Қ.Жұмаділов, Т.Нұрмағанбетовтың шығармаларын монғол тіліне аударған. «Арқалық», «Келін», «Атбасқан қоңыр» секілді пьесалары Бай-Өлке Халық драма театрында қойылған. «Сеңгір таулар» романы үшін Монғолия Жазушылар одағының сыйлығының иегері атанды. Монғолияның «Алтын жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *