Келісім мен бірлік – ел ертеңі үшін стратегиялық маңызға ие
Редакция таңдауы
331
Біз – өз тарихымызда сан түрлі қилы кезеңдерден, күрделі асулардан ынтымақ пен бірлігіміздің арқасында аман өткен халықпыз. Елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс қарап, жерұйықты шарлаған Асан Қайғы бабамыз да әрдайым елдіктің іргесінің берік болуы – береке-бірліктің арқасында ғана мүмкін болатынын ұрпаққа өсиет ретінде айтып кеткен.
Заман алмасып, тарихи уақыт алға жылжыған осынау ғасырдың өзінде ырысы артып, берекесі тасыған жұрттар дүние көшінің тізгініне ие болуда. Ауызбіршілігі мықты халықтар әлемдік үстемдікке ұмтылып, жаһандық экономикадан қомақты үлестерін алып жатыр. Тарихтың жазуымен XX ғасырдағы халқымыздың басына түскен алапат апаттар, қолдан жасалған ашаршылық, зұлмат соғыстар мен репрессия, қуғын-сүргін еліміздің тұтас тарихындағы ең зардабы ауыр кезеңдер еді. Социалистік жүйе үстемдік еткен жарты әлем елдерінің қатарында біз де ауыр сынақтар мен отарлық езгіні көрдік. КСРО-ның түкпір-түкпірінен өзге ұлт өкілдерін қазақ даласына күштеп қоныстандыру орын алды. Кавказдан шешен, ингуш, авар, Еділ бойынан неміс, гректерді, Қиыр Шығыстан кәріс, жапон ұлтының өкілдерін бейқам жатқан қазақ жерінің әр түкпіріне қоныстандырды. Оған кейінірек «комсомолдық екпінді құрылыс» желеуімен Ресейдің әр аймағынан шақырылған түрлі
Біз – өз тарихымызда сан түрлі қилы кезеңдерден, күрделі асулардан ынтымақ пен бірлігіміздің арқасында аман өткен халықпыз. Елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс қарап, жерұйықты шарлаған Асан Қайғы бабамыз да әрдайым елдіктің іргесінің берік болуы – береке-бірліктің арқасында ғана мүмкін болатынын ұрпаққа өсиет ретінде айтып кеткен. ұлт өкілдерін қосыңыз. Осындай жағдайда тек қана қазақ ұлты мекендеген байтақ даламыз халықтардың лабораториясына айналудың аз-ақ алдында қалды. Сәтін салғанда КСРО атты құрсау 1991 жылы толығымен қирап, көптеген елдер өз тәуелсіздіктерін жариялады. Солардың қатарында қазақ елі де бар. Тәуелсіздік алған жылдан бері елде жүргізілген бейбіт саясаттың арқасында жұртымыздың еңсесі көтеріліп, елдігіміздің тұғырын биіктету жолында тер төгіп жатырмыз. Қилы замандарда қазақ даласынан пана тауып, қазақ халқының кең пейілінің арқасында тағдырдың сынына шыдап, ел қатарына қосылған өзге ұлт өкілдерінің де бірнеше ұрпағы алмасты. Олар қазақ халқымен етене араласа отырып, біртұтас еліміздің азаматтары ретінде еліміздің әр аймағында тіршілік етіп, қоғамның сан түрлі саласында қызмет жасауда.
Елімізде тұрып жатқан сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері де қазақ ұлты сияқты қоғамды дамыту жолында сайлауларға, референдумдарға қатысып, өз ұстаным, пікірлерін білдіре алады. Оған соңғы рет Ата Заңымызға өзгерістер енгізу туралы халықтық референдум арқылы жасалған тарихи таңдауымызды айтуға болады. Барша халқымыз Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді. Бұл – Ата Заңымыз қабылданғаннан
кейінгі алғашқы референдум болды. Осындай тарихи сәтте халықтың бірауыздан қолдау білдіруі өте маңызды деуге болады. «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген қағидатты ұстана отырып, біз де өз халқымыз болып кеткен барша қазақстандықтардың пікірімен санасып, үнін тыңдадық. Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен өзгерістер оң нәтижесін беріп, саяси жүйе ауқымды түрде трансформацияға ұшырап мемлекеттік құрылымның жаңа демократиялық үлгісі қалыптасты. Жеті жылдық мерзімге бір рет президенттікке сайлану туралы норма заңнамалық тұрғыда бекітілді. Мәжіліс пен мәслихаттарды қалыптастырудың аралас моделі енгізілді. Парламенттің бақылаушылық қызметі күшейтілді, заң шығару рәсімдері оңтайландырылды. Партияларды тіркеу процесі жеңілдетілді. Депутаттық мандатты қайтарып алу механизмі енгізілді. Облыстардың әкімдері мәслихат депутаттарының келісімімен баламалы негізде тағайындала бастады. Нәтижесінде азаматтардың елімізді басқаруға атсалысу
мүмкіндігі айтарлықтай артты. Осы орайда жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістер барысында Ассамблеяға баса мән берілгенін ерекше атап өтуге болады. Аталған бірегей институт парламенттік өкілдіктің жаңа тетіктеріне ие болды. Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың айтуынша, бұл – озық халықаралық тәжірибеге толық сай келеді.
Ассамблеяның ұсынысы бойынша Президент тағайындайтын Сенаттың бес депутаты кері байланысты, қоғамдық бақылауды заңнамалық деңгейде жүзеге асырады. Сонымен қатар Қазақстандағы барлық этностың мүддесін Парламентте қорғайды. Сондай-ақ Ассамблеяның 12 мүшесі Ұлттық құрылтайдың құрамына кірді. Бұл – дегеніңіз елімізде ғұмыр кешіп жатқан түрлі этнос өкілдерінің мемлекетті басқару ісіне белсенді араласуы. Сан түрлі этнос өкілдерінен құралған ассамблея еліміздегі реформалардың жұртшылық тарапынан кең қолдау табуына, мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттерін шешу ісіне барлық этносты
жұмылдыруға ықпал етеді. Осылайша, елімізде ғұмыр кешіп жатқан «түрі бөлек болғанымен – тілегі бір» этнос өкілдері қазақ халқының айналасына топтаса отырып, мемлекеттілігіміздің қуатты болуы жолында аянбай еңбек ете бермек. Тағдыр тоғыстырған түрлі ұлт өкілдерінің ауызбіршілікте, бейбіт ғұмыр кешуі ел тыныштығын қамтамасыз ету үшін маңызды. Сондықтан этносаралық келісім мен бірлік – ел ертеңі үшін стратегиялық маңызға ие деп айтуымызға болады.
Динара Райханова, Қосшы қаласы мәслихатының депутаты
Пікірлер (0)