Кеңес одағының туын жұлған адамды сотқа бермекші (видео)
Бейнежазбадан
Кеше Алматы көшелерінде кеңес одағының қан қызыл жалауын желбіретіп жүрген көліктерді ер азамат алдын кес-кестеп тоқтатып, туларын жұлып алған видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Кейбірі "Дұрыс жасады! Келмеске кеткен қызыл империяны аңсаушыларды осылай жөнге салмаса болмайды" десе, енді біреулері "Бұл адамды сотқа беру керек. Бұл біздің ортақ тарихымыз" деп өзеуреген.
Дегенмен, ортақ тарих болғанымен, Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтардан гөрі, сол қызыл империяның қанды шеңгелінен, сансыз репрессиялар мен аяусыз ашаршылықтан қырылғандардың саны бірнеше жүз есе көп екенін ұмытпау керек. Бүгінде сол қанға бөккен қан қызыл жалауды желбірету сол зұлматтардан зардап шеккен қаншама жазықсыз қазақтың ұрпағының жанды жеріне тиетінін, намысын таптап, абыройын қорлайтынын ұмытпауымыз керек.
Ескертеміз, видеода бейәдеп сөздер бар!
Пікірлер (0)