Кешіккен жаңа жылдық балалар сыйлығы
Руханият
347
Көкшетау қаласында балаларға арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жарық көрген бұл кітапқа ақмолалық ақын-жазушылардың шығармалары топтастырылған.
« – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы 2022-ші жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны есімізде. Бұл кітап та «Балалар жылы» аясында жарыққа шығуға тиісті еді, алайда, техникалық себептермен кішкентай оқырмандарымыздың қолына кешігіп жеткелі отыр. Бірақ, мәнді де, мазмұнды шығармалар, балалар көңілінен шығып, ата-аналарын да қуантатынына сенеміз,» – дейді Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының бөлім меңгерушісі Айгүл Талпақова.
Алдағы уақытта бұл кітап Ақмола облысындағы кітапханаларға тегін таратылып, шығармалардың аудиокітап нұсқасы да жарық көреді.
Мерген Тоқсанбай
Оқи отырыңыз
Руханият
Тоныкөк (еркін әдеби нұсқа)
Пікірлер (0)