«Көгілдір!»: Ринат Зайытов өлең жазып, мәдениет саласын сынға алды

Жаңалықтар
view 87
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов  21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған марапаттау рәсімінен кейін әлеуметтік желіде өзінің толғанысын жеткізді, деп хабарлайды janabastau.kz. 

Оның сөзінше, нағыз маманның емес, танымалдылығы көп тұлғаның марапат алғанына іштей күйінді. 

Ақын бұл жағдайды «қазақ мәдениеті үшін жартылай қайғылы күн» деп бағалады.

О,сұмдық-ай…
О, құрғыр.
Көншір ме екен көңіл бір.
Қай залымның кеңесі?
(Даттау сөзге көмілгір)
Айналама қарасам,
Аспаным да көгілдір,
Жастарым да ‘ көгілдір”
Қолын бұлғап қарсы алған,
Арманым да көгілдір,
Шымшық құсап ән салған
“Тарланым” да “ көгілдір “
Тіс қайрауда, шара жоқ
Үндемейсің…
Өмір-бұл”,- деп жазды ол.

Ринат Зайытов — тек ақын емес, сонымен қатар халықтың сөзін сөйлейтін Мәжіліс депутаты. Оның бұл әрекеті жеке эмоция ғана емес, саяси мәлімдеме тұрғысынан да маңызды. Ол шен-шекпенділердің шешімі тек шынайы өнер иелерінің емес, көп жағдайда «ыңғайлы» тұлғалардың мүддесіне жұмыс істеп жатқанын меңзейді.

Айта кетейік бұл пікірді бұған дейін күйші Рүстем Нұркенов те айтқан болатын.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *