Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!
Сурет: Ашық дереккөзден
Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде «Өрт-2025» азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған.
22 мамырда сағат 9:00-ден 9:30-ға дейін дабылдар естіледі. Хабарлау жүйесін тексеру барысында электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалуды жүзеге асыру көзделеді. Бұл іс-шара халыққа «Барлығына назар аударыңыз!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін сіңіру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты, құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары, Ақмола облысының ТЖ Департаменті сигналды тексеру кезінде тыныштықты сақтауды, түрлі қауесеттерге құлақ аспай, дүрбелеңге түспеулеріңізді сұрайды.
Пікірлер (0)