Көкшетаулық бойжеткен өзін "Арлан" хоккей клубының ойыншысы соққыға жыққанын айтты

Жаңалықтар
view 166
news

Фото: "Криминальный Казахстан" Telegram арнасы

19 жастағы Көкшетау тұрғыны Threads желісінде бұрынғы жігіті өзін ұрып-соққанын айтты. Оның сөзінше, ол – "Арлан" хоккей клубының ойыншысы, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

"Криминальный Казахстан" Telegram арнасының мәліметінше, қыз бұрынғы жігітімен арадағы хат алмасуды және денесіндегі жарақат іздерін суретке түсіріп, жариялаған. Суреттерден қыздың қолындағы, бұғана тұсында және жақ сүйегіндегі көгерген іздерді көруге болады.

Арамызда жанжал туып, содан кейін маған медициналық көмек қажет болды, – деп жазды қыз.

Дәрігерлер көптеген гематомадан бөлек, жабық бас-ми жарақатын анықтаған.

Қыз полицияға жүгінген. Алайда, оның сөзінше, іс “дәлелдің жетіспеуіне байланысты" жабылған. Құқық қорғау органдары спортшының әрекеттерінен қылмыс құрамы анықталмағанын мәлімдеді.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Алайда кейін Ақмола облыстық Полиция департаменті 2006 жылы туған Астана тұрғынының шағымынан кейін жедел шаралар қабылданғанын хабарлады.

Ер адамға қатысты тұрмыстық құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыға тиісті шектеулер белгіленіп, қорғау нұсқамасы берілді. Мұндай жағдайлар полицияның ерекше бақылауында. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол жоқ, – деп мәлімдеді ведомство.

Іс материалдары сотқа жолданды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *