Көкшетауда "Ақмола жұлдыздары" облыстық халық шығармашылығы байқауының қорытындысы шығарылды  

Руханият
view 206
news

"Ақмола жұлдыздары" жыл сайынғы облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы 23 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан өңірлік мәдениет саласындағы ең ірі, ең ауқымды жоба, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңірдің барлық аудандары мен қалаларынан жүздеген таланттарды біріктірген Гала-концерт Көкшетаудағы басты концерт залында өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысты. Мәдениет сарайының фойесінде қонақтардың назарына сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу өнері көрмесі ұсынылды. Барлығы мыңнан астам сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатысты, әр түрлі жанрдағы 3 мыңнан астам жұмыстар ұсынылды. Өңір басшысы құттықтау сөзінде жобаның жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.

"Бұл байқау-бұл өз қатарына көбірек қатысушыларды тартатын ең ауқымды мәдени жоба. Іріктеу кезеңдеріне 50 мыңнан астам адам қатысты.  Біз облысымыздың жарқын мәдениет шеберлерін мақтан тұтамыз. Театрларда, студияларда, кітапханаларда, клубтарда және басқа да мекемелерде күнделікті еңбегіңізбен сіз мәдени - адамгершілік құндылықтарды сақтауға және көбейтуге ықпал етесіз", - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында мәдениет саласының дамуы туралы айтып берді. Тек, 2022 жылы 16 нысан жөнделді. Зеренді ауданының Айдабұл, Баратай ауылдарында, Ерейментау ауданының Новомарковка ауылында мәдениет ошақтары ашылды. Ауылдық мәдениет объектілерінде блоктық-модульдік қазандықтар сатып алынды. Биыл Бурабай және Аршалы аудандарында мәдениет үйлерінің, сондай-ақ Сандықтау аудандарында мәдени-демалыс орталығының құрылысы басталады Осының арқасында жыл сайын жобаның бастапқы іріктеу турларына қатысушылар саны артып келеді, егер 2021 жылы байқаудың бірінші іріктеу кезеңіне 23175 адам қатысса, 2022 жылы 189 ауылдық округ пен облыстың 3 қаласынан 50242 адам қатысты. Биылғы жылы халық шығармашылығын тамашалауға алғаш рет "Мемлекеттік-шығармашылық тапсырыс" жобасы аясында жұмыс істейтін көркемөнерпаздар ұжымы қатысты, оны іске асыруға 2022 жылы 8500 баланы қамту үшін 1,3 млрд.теңге бөлінді. Іс-шара барысында өнердің үздік өкілдері ведомстволық наградалармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Гран-при және I, II, III жүлделі орындар анықталды: - "Облыстық маңызы бар қалалар" санатында: 1-дәрежелі Диплом мен 1 млн. 600 мың теңге сомасындағы сертификатты Степногорск қаласы жеңіп алды; 1-дәрежелі Диплом және 1 млн. 600 мың теңге сомасындағы сертификатпен Көкшетау қаласы марапатталды; Гран-при мен "Chevrolet Nexia" автокөлігін Қосшы қаласының көркемөнерпаздар ұжымы жеңіп алды. "Орталықтары қалалар болып табылатын аудандар" санатында жүлделі орындар мынадай тәртіппен бөлінген: 3-дәрежелі Диплом және ұйымдастыру техникасын сатып алуға сертификат Ерейментау және Есіл аудандарына берілді; Ақкөл ауданының шығармашылық ұжымдары 2-дәрежелі дипломмен және 1 млн. теңге сомасына сертификатпен марапатталды; Бурабай ауданының шығармашылық ұжымдары 1-дәрежелі дипломмен және 1 млн. 600 мың теңге сомасына сертификатпен марапатталды; Гран-при мен "Chevrolet Nexia" автокөлігін Атбасар ауданы жеңіп алды. - "Орталықтары кенттер, ауылдар болып табылатын аудандар" санатында: Жақсы ауданы 3-дәрежелі дипломмен және ұйымдастыру техникасын сатып алуға сертификатпен марапатталды; 2-дәрежелі дипломмен және 1 млн. теңге сомасына сертификатпен Аршалы ауданының шығармашылық ұжымдары марапатталды; Зеренді ауданы 1-дәрежелі дипломмен және 1 млн. 600 мың теңге сомасына сертификатпен марапатталды; Гран-при және "Chevrolet Nexia" автокөлігін Целиноград ауданы жеңіп алды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *