Көкшетаудағы NIS оқушылары ХІІ Наурыз кездесулерінде жүлдегер атанды

Жаңалықтар
view 182
news

15-17 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты ХІІ Наурыз кездесулері өтті. Көкшетау қаласындағы NIS оқушылары Мадина Абатова мен Асылхан Қали өз жобаларын таныстырып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Мадина Абатова «Жасанды тін мен органдар жасау. 3D биопринтинг» секциясында Расул Мейрам, жетекшілері Бахыт Мусагуловамен бірлесіп жасаған «Қан тамырларының 3D моделін құру» жобасын қорғаса, Асылхан Қали «Дербес медициналық көмекшілер мен биоинтерфейстер жасау» секциясында Аружан Жакупова, Динара Сыздық, Сабина Есалы, Шадияр Сегізбаева, Назерке Уйсэвханқызы, Данияр Самарбеков, Әділет Аусарбеков, Алишер Орынбай, Расул Мейраммен бірлесіп әзірлеген «Aq Zhol – жол апаттарының алдын алатын екі камералы бейнебақылауыш» жобаларын таныстырды. Жетекшілері – Лаура Шегирова мен Евгений Фомичев. Көктемгі дәстүрлі ғылыми жобалар байқауына NIS тірек мектептерінің оқушылары да қатысты. Ақмола облысынан Көкшетау қаласындағы NIS-тің Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы тірек мектебінен Александра Домбровская мен Виолетта Баранова, Макинск қаласындағы мектеп-гимназиясынан Максим Власов, Александр Букарь мен Мирас Сіргелі озық тәжірибелермен танысты. Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттарын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айрықша дәстүрі. Наурыз кездесулері 2011 жылдан бері өткізіліп келеді және заманауи ғылымның жаһандық басымдықтары ішіндегі ең өзекті тақырыптарға арналады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *