Наурыз мейрамын көргің келсе, Қосшыға кел!
Жаңалықтар
421
Наурыз мейрамын көргің келсе, Қосшыға кел!
Күні кеше елімізде сайлау науқаны болды. Ата дәстүрден жаңылмай Қосшылықтар дауыс бере келген сайлаушыларға наурыз көже ұсынды. Ықылым заманан бері тойланып, қазақ халықының кең пейілін, қонақжайлығының бір көрінісі болған бұл – наурыз мейрамы. Күнгейдегі күн теріскейге құлап, қармен мұзы еріп, табиғат ананың бусануы көктемнің, наурыздың алғашқы нышандары. Күннің нұры көктемді құшақтап бізге келе жатыр емеспе. Бүгін міне, Қосшы қаласында «Алтын дала» көп қабатты тұрғын үйінің тұрғындары «Армысың, әз наурыз» атты наурыз мерекесін тойлады. Наурызды тойлауға «Алтын дала» тұрғындары өздері «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» 70-тен астам отбасы ұйымдасқан түрде киіз үй тігіп, наурыз көже, қазақтың ұлттық тағамдарын пісіріп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шара барсында ақсақалды аталармыз бата берсе, ақ жаулықты әжелерміз ақжарма тілек білдіріп, наурыздың мән - маңызын түсіндіріп келешек ұрпаққа ұлық мерекемізді ұлықтап, жастарға дәріптеді.
Концерттік бағдарламаның да ауқымы кең болды. №1 Қосшы орта мектебінің мұғалімі Жексенбин Ескелді, Еуразия ұлттық университетінің студенті Абаева Аяна «Армысың, әз наурыз» атты тұрғындардың наурыз мерекесін жүргізсе, Еуразия ұлттық университетінің студенттері өз өнерлерін ортаға салып, тұрғындарға жақсы көңіл - күй сыйлады.
«Наурыз мерекесін ұйымдастырған себебіміз халықтың ынтымағы, бірлігі одан сайын біріге берсін деп. Көнекөз қарттардың ақылын тыңдап, ұрпақ сабақтастығының үзілмгенін көрсету болса, келешек жастарға үлгі - өнеге болатын іс-қалдырып, дәстүрді ұмытпасын деген ниет»,- дейді пәтер иелерінің кооперативінің төрайымы Макишова Баян Социаловна.
Мерекелік шара барсында балаларға арналған ойындар ұйымдастырылды. Сиқырлы таяқ ойыны, (өз номері бойынша шақырғанда таяқты ұстап қалу.), балаларды жарыстыру, асық ату ойыны, «кім мерген?» (допты сырғыту арқылы дөп тигізу.), мақал жалғастырып әртүрлы бағыттағы ойындарды жүргізушілер өткізіп, балаларға сыйлықтар тараттып, мерекелік шараның көркін қыздырды.
Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңеседі. XI ғасырдың өзінде ұлы ғалым әрі ақын Омар Хайям жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың толық циклды аяқтағаннан кейін, өзінің бастапқы жүру нүктесіне келіп, жаңа жолды – шеңберді қайта бастайтын байқады.
Наурыз құтты болсын!
Пікірлер (0)