Көкшетаулық зияткерлер ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын бақылауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты

Жаңалықтар
view 116
news

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Жақсылық Дінмұхаммед, Расул Мейрам, Айгерім Ислямова мен Мадина Абатова ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын бақылауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер аталған жобамен Индонезияда өткен «Жастардың Халықаралық ғылыми жәрмеңкесі-2023» онлайн-байқауында алтын медаль иеленді. Зияткерлердің «Ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мониторингтеу» жобасы ауыл шаруашылығы алқаптарының ластану ауданын анықтау мақсатында шағын ұшатын аппараттар үшін бағдарлама құру мақсатын көздейді:

— Арамшөптерді түсі мен биіктігі бойынша анықтау үшін машиналық көруді қолдана отырып «Python» бағдарламалау тілінде бағдарлама жазылған. Камераның жұмысын көрсету үшін біз күздік бидай алқабының жасанды моделін жасадық.

Оқушылар жақын арада бағдарламаны кәсіби камераға қосып, табиғи жағдайда сынап, жобаларын жетілдіруді көздеп отыр. Естеріңізге сала кетейік, аталған жоба «Shoqan Ecology-2023» жас ғалымдардың экологиялық форумында да 1-орынға бағаланған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *