Павлодарлық жолшылар Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін ерекше атап өтті

Жаңалықтар
view 108
news

Қазақ халқының көктеммен бірге келетін басты мерекесі Ұлыстың Ұлы күніне дейін 10 күн бойы той тойланып, игі істер жасалатыны бүгінгі таңда жаңғыртылған игі дәстүріміз. Осынау көктем мерекесі аясында Павлодар облыстық «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалы шығыс қазақстандық ұжымымен бірге Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды Жол активтері сапасының ұлттық орталығы баспасөз қызметі. Мейірім күні атты мерекелік іс-шараға келген жолшылар бір-біріне сый-құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. Бұл - жүректегі бар мейірімді көрсететін күн. Тек мейірімділік сезімімен шектелмей, іс жүзінде қайырым жасалса құба-құп. Ел арасындағы аралас-құраластық, дос-жаранға деген жылулық, мұқтаж жандарға қол ұшын соза білу – мейірімділіктің айқын көріністері. Жиналған көпшілікті ұлттық киім киген арулар қазақи шашумен қарсы алды. Орталық аппарат өкілдері Астанадан келіп тойдың құрметті қонағы болды. Олар да өз құттықтауларын айтып, көпшілік алдында өз өнерін ұсынды. Ұжымды ұйыта түскен аталмыш іс-шараға «Қазавтожол» және «Казахавтодор» мекемелерінің тізгінін ұстап отырған басшылар да қатысты. Той ұлттық ойындармен жалғасты. Мерекелік додада жеңіске жеткен әріптестер тарту-таралғыларын алды. Артынша ұжым ұйымшылдықпен салтанатқа жайылған ақ дастархан басына жайғасып, ұлттық тағамдардан дәм тартты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *