Торайғыров университетінің Жоғары колледж студенттері жол лабораторияда практика өтуге шақырылды

Жаңалықтар
view 231
news

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Павлодар облыстық филиалы  Торайғыров университетінің Жоғары колледжі оқушыларымен кездесу өткізді. Оларды филиал қызметімен таныстырған директор Ерлан Қалымов елімізде кәсіби жолшыларға сұраныс бар болғандықтан болашақта жол саласында қызмет етуге шақырды. Филиал директоры кездесу барысында колледж студенттерің  өндірістік тәжірибе өтуге болатынында айтты.Қазір жол зертханада жұмыстың ең қызып жатқан кезі. Студенттерге жоғары білікті мамандардың жанында тәжірибе алатын жақсы мүмкіндік бар деп екенін ескертті. Онын үстіне қуантатын жағдай – практика ақылы өтеді. Жалпы,  республика деңгейінде  “2000 мектеп” акциясы биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Осы акция аясында филиал қызметкерлері  мектептерде, колледждерде кездесулер өткізеді. Ай сайын филал зертханасында ашық есік күні ұйымдастырылады. Ашық есік күніне келген оқушыларына филиалдың эксперті Людмила Ковтарева сынақ зертханасын, оның техникалық жарақтандырылуын және қандай сынақтар жүргізілетіндігін көрсетті. Зертханада инертті материалдарды тексеруге, сондай-ақ, щебень, асфальтобетон және битумды тексеруге арналған  кабинеттері бар. Оқушылар мұнда жол құрылысы кезінде пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарының  сапасы қалай тексерілетінін көзбен көріп, өздерінің қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар алды. 4 жыл ішінде Ұлттық жол сапа орталығы Павлодар филиалының қызметкерлері қала мен облыстың 250-ден астам мектебінде үгіт-насихаттау жұмыстарың өткізіп, 15 000-нан астам оқушыны қамтыды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *