Игі істер жалғасын тапты
Жаңалықтар
129
Қосшы қаласының мәслихат депуттары игі істерімен халықты қуантып жүр.
Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары Нұрдәулет Қасенов, Абдрахманов Болат және Мақсат Тәшенов қала тұрғындарын қуанту мақсатында кезекті игі ісін жасады. Нұрдәулет Нұрсейітұлы «Алтын қазық» көшесі, «Алтын Орда», «Орион» ТК-нің аумағына балалар ойнайтын құм төгіп, демалыс уақытын қызықты өткізуге себеп болды. Болат Үкібайұлы өз қаражатымен Тайтөбе ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке біршама медициналық құрал-жабдық пен жиһаз табыстады. Атап айтар болсақ, 2 принтер 2-in-1, 2 компьютер, 1 ноутбук, 1 нәрестені ауыстыратын үстел, балаларға арналған таразы, ересектерге арналған таразы, балаларға және ересектерге арналған биіктік өлшегіш, кабинетке арналған 3 кварц шамдары, 1 кварц жылжымалы шам, келушілерге арналған осман, құжаттарды сақтауға арналған сөрелері бар шкаф, құжатты сақтауға арналған шкаф, киімді сақтауға арналған шкаф, 4 темір киім ілетін шкафтар, 3 орындық және т.б. заттар бар. Мақсат Еркінұлы болса, «Нұрай» ТК тұрғындары үшін балалардың ойын алаңына құм, жаңадан ашылған жағажайға құрылыс материалдарын жеткізді. Қала тұрғындарының көңілі үшін жасалған игі істер ары қарай да жалғасады деп сенеміз.
Пікірлер (0)