"Көмек сұраудан тартынбаңызшы": Ләйлә Сұлтанқызы
Жаңалықтар
176
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйзелісте жүрген жандарды жақындарынан көмек сұрауға шақырып, үндеу жасады, – деп хабарлайды janabastau.kz.
"Жаныңыз күйзелісте болса, жүрегіңіз тыныштықты аңсаса, уайым мен өкпе жегідей жесе, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып бара жатқаныңызды сезе тұра, бөлісуден, көмек сұраудан, жақыныңызға хабарласудан тартынбаңызшы. Әлемдегі проблеманың ешқайсысы адам өмірінің құнындай емес! Сіз бәріне керексіз. Мен бұл ойыммен неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді. Себебі, танымал аспаз Бага есімді жігіттен айырылдық", – деп жазды ол.
Пікірлер (0)