Конституциядан орыс тілін алып тастау туралы петиция жарияланды - Министрлік не дейді?

Жаңалықтар
view 33
news

Сурет: Ашық дереккөзден

E-Petition.kz платформасында «ҚР Конституциясындағы мемлекеттік тілге қатысты» жаңа петиция жарияланды, деп хабарлайды janabastau.kz ALASH.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл бастама Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданған. Қажетті алғашқы 50 дауыс жиналған соң, құжат модерацияға жіберілді.

Петиция авторы — педагог, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Ақмарал Шатемірқызы.

Қазіргі таңда петиция тексеріс кезеңінде. Егер уәкілетті орган өтініштің талаптарға сай екенін растаса, ол Үкімет қарауына ұсынылуы үшін кемінде 50 мың адамның қолдауы қажет болады.

Алайда, педагог Ақмарал Шатемірқызы петицияның қабылданбағанын айтты.

Петиция жайлы 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі атына  ҚР Конституциясының 7-бабының 2-тармағы мен "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 5-бабын қайта қарау жөнінде жазылған Петицияға 50 адам қол қойып,  модерацияға өткенімен,  талқылау сәтсіз болды, яғни биліу тарапынан қабылданбады. 

Қазақ өмір бойы тілі үшін күресіп,  күйзеліп,  жаны шаншып ауырып өтсін деген заң сол күйі өзгеріссіз қалды. 

Бірақ,  Тәуелсіздік алғалы 34 жыл өтсе де мемлекеттік тіл мәселесі шешілер емес... 

Қазақ тілінің тарихи Отанында 
Ата Заңда Мемлекеттік тіл өз мәртебесін жеке дара иеленуі үшін 7-баптың 2- тармағын алатын уақыт жетті.  
Бірақ, Мемлекеттік тіл туралы Заңға өзгеріс енгізуге қазақтың тағында отырған билік құлықсыз”,- деп жазды ол өз парақшасында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *