Көш жүре түзеледі

Редакция таңдауы
view 252
news

Қосшы қаласының проблемалары біртіндеп оңтайлы шешіліп келеді 

Бүгін сағат 10.00-де Қосшы қаласының әкімі Гайдар  Қасенов Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Есеп беру жиыны үшін 600 адам еркін сыятын ІТ мектеп лицейінің мәжіліс залы таңдап алынды.

Гайдар Қабдоллаұлы Қосшы қаласы өз статусын алғалы өзекті 5 бағыттағы жұмысқа басымдық бергенін атап көрсетті. Бірінші – мектеп мәселесі. 2021 жылы қалада 3 мектеп болған. Кейін тұрғындар саны өсуіне байланысты мектеп тапшылығы туындап, балаларды үш ауысыммен оқытуға тура келді. Бұл проблеманы шешу үшін 2022 жылы 1200 орындық бір жаңа мектеп ашылды.  Дәл қазір Қосшыда үш мектеп салынып жатыр, оның екеуінің құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар кезеңінде 3 мектеп салу жоспарланған. Бұл білім ошақтарындағы шамадан тыс жүктемені азайтып, үш ауысымдық оқу жүйесін жоюға септігін тигізбекші. «Денсаулық сақтау саласында да жағымды жаңалықтар бар. Қосшы қаласында бір ауысымда 100 адамды қабылдауға арналған емхана жұмыс істей  бастады. Қазіргі уақытта оған 12 мыңға жуық адам тіркелген, одан бөлек, 350 орынды аурухана салу үшін жер учаскесі қарастырылуда» деді әкім. Екінші – ауызсу. 2021 жылы қалада ауызсу тапшылығы өте өзекті еді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен Қосшы су мекемесі мамандарының бірлесіп атқарған жұмыстарының арқасында бұл бағытта да оң нәтижиелер бар. «Қазіргі кезде ауызсумен қамтылмаған учаскелерде сумен жабдықтау желісін салу бойынша жобаның 4-кезегін іске асыру басталды. Өткен жылы 29 шақырым сумен жабдықтау желілері салынып, екі көше орталықтанған су жүйесіне қосылды. Биыл 50 шақырым сумен жабдықтау құбырлары салынуда. Жоба бойынша желіге 2,5 мыңнан астам тұрғын үй қосылады» деп сөзін тыянақтады Г.Қасенов. Үшінші – жол. Қаланың жалпы ішкі жол ұзыңдығы – 185 шақырым. Гайдар Қабдоллаұлының айтуынша, 2021 жылы 77 шақырым жолда асфальт төсемі болса, 2 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 101 шақырымға жеткен. Жыл соңына дейін 7 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланған. Биыл одан бөлек жалпы ұзындығы 16 шақырым жол салынады. Грейдерлеу жұмысы 8 шақырым жолды қамтиды. «Лесная Поляна» тұрғын үй алабы аумағында 10 мың шаршы метр көлемінде кварталішілік жолдарға шұңқырлы жөндеу жүргізілді және 1 мың метр арық жүйесі салынды. Төртінші – қоқыс мәселесі. 2021 жылы қаламызда 49 заңсыз қоқыс алаңы болған. 4 айдың көлемінде оның 18-ін жойылып, 2022 жылдың аяғына дейін тағы 24 заңсыз қоқыс алаңы тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда. Бесінші – құрылыс. «Қосшы қаласының әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Құны 1,1 млрд теңге болатын өрт сөндіру қызметі ғимаратының құрылысын жоспар бойынша жыл соңына дейін бітіру міндеттелген. Сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын келесі жылы аяқтап, пайдалануға беріледі жоспарланған. Оның да құны 1 млрд тг-дан асады. Одан бөлек, биыл жеке қаржыландыру есебінен 600 шаршы метр аумақты қамтитын қоғамдық мәдени-спорттық орталық салу жоспары бар 2024 жылы Қосшы қаласында Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталады» деді қала әкімі. Тағы бір қуантарлық жаңалық, маусым айында Балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебі ашылды. Өңір басшысы Гайдар  Қасенов Тайтөбе ауылының әлеуметтік-экономикалық даумы да жіті назарында екенін еске салды. Мұнда да проблема аз емес, бірақ соның ішінде жол мәселесі жағадан алып тұр. Тайтөбенің ішкі жол ұзындығы 40 шақырым. Оның осы күнге дейін асфальтталғаны – 7 шақырым. Әкім есебінен кейін тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын жолдап, тиісінше жауаптарын алды.  

Дәулет АСАУ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *