Қосшы қалалық аналар форумы өтті

Редакция таңдауы
view 114
news

Маусымның 22 күні ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА Аналар кеңесі төрағасы Назипа Шанаи Ыдырысқызы Қосшы қалалық Аналар форумына қатысты. Форум барысында Назипа Ыдырысқызы елімізде Аналар Кеңесінің тарапынан жасалып жатқан игі істерге тоқталып, алдағы уақытта жасалуы тиіс жұмыстардың негізгі бағыттарын атап өтті. Мен өз тарапымнан бүгінгі қоғамдағы жастар, әсіресе балалар арасында кең таралып жатқан тәуелділік түрлері мен олардың алдын-алу, арылу жолдарына тоқталдым. Сонымен қатар, қалада әр түрлі бағытта кәсіп дөңгелетіп, жұмыс орындарын ашып, қоғам дамуына үлес қосып жатқан әйелдердің қолынан шыққан өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Форумның екінші бөлімі қайырымдылық шарасымен жалғасты. «Қайырымдылық – жылы жүректен» шарасы ерекше форматта - аукцион түрінде өтті. Яғни, елге танымал қолөнер шеберлерінің туындылары төменнен жоғары бағада аукцион тәртібімен сатылып, қаржы қаладағы мұқтаж отбасыларға, сырқат адамдарға жолданды. Атап айтқанда, танымал қолөнер шеберлері Берік Әлібай, Асқат Бозымбай, Нұржан Ділманов,  Кәрім Бектас,  суретші Азамат Әбдікәмен, Гаухар Қанатбаева,  және саз аспаптарының шебері, зерттеуші, орындаушы, оқытушы Азамат Бақияның қолынан шыққан туындылары аукционға шығарылды. Шараға қала кәсіпкерлері, мәслихат депутаттары, қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Айсулу Тани , өнер және шығармашылық орталықтарының басшылары, ақсақалдар және белсенді тұрғындар қатысты.  

janabastau.kz

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *