Қосшы қаласында 25 шілдеден бастап бірқатар көшелер жабылады
Қосшы жаңалықтары
838
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қосшы қаласында 25 шілде күні сағат 9:00-ден бастап Республика көшесінің асфальтын жөндеу жұмыстары жүрілетіндіктен қаланың бірқатар көшелері уақытша жабылады. Атап айтқанда: 25 шілдеден бастап Республика көшесі ішінара кезең-кезеңімен жабылады. 1 кезең Астана көшесінен Сүйінбай көшесіне дейін; 2 кезең Сүйінбай көшесінен Баубек батыр көшесіне дейін; 3 кезең Баубек батыр көшесінен Абай көшесіне дейін; 4 кезең Абай көшесінен Ұлы Дала көшесіне дейін.
"Фрезаларды алу кезінде қала маңындағы маршруттардың схемасы өзгермейді. Жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғындардан Республика көшесімен жүрмеуді сұраймыз. Сүйінбай, Абай, Шәмші Қалдаяқов, Қаныш Сәтпаев, Жамбыл Жабаев көшелері мен "Лесная поляна" арқылы қалаға кіретін балама жолдар бар екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда танымал спортшы Мұхаммед Амантаев дауыс берді
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда ақ жаулықты әжелер Құрылтай сайлауына ерекше сән берді
Қосшы жаңалықтары
Қазақстан чемпиондары Құрылтай сайлауында дауыс берді
Пікірлер (0)