«Елорда және қосшылықтар» онлайн байқауы өз мәресіне жетті
Қосшы жаңалықтары
138
27 шілде Қосшы қаласының Орталық кітапханасында «Елорда және қосшылықтар» онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Бұл бақау 2022 жыл – Балалар жылы аясында жасалған. Балабақша тәрбиеленушілері арасында өткен онлайн байқауға 30 үміткер қатысты. Қаладағы «Әмина», «Балдәурен», «Алема», «Алтын бесік», «Балдырған», «Бөбек», «Ботақан», «Алтын дән», «Еркемай» және «Нұрасыл» балабақшаларынан 4-6 жастағы бүлдіршіндер бақтарын сынап көрді.
Қатысушылар туған ел, туған жер, Астана туралы ақындардың өлеңдерін оқыды. Ыбырай Алтынсарин, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Оразақын Асқар сынды ақындардың жырларын нақышына келтіріп оқып, қазылар алқасы мен көрермендері тәнті етті. «Әдебиетті ембей өссеңдер, балалар, жетім қозыдай боласыңдар» деп Тұрсын Жұртбай дөп айтқан. Жырмен сусындап өскен бала дүние атаулыдан көркемдік көріп, өмірдің сан қилы құпияларына құштар болады. Байқау барысында бүлдіршіндер бойынан осыны көруге болады. Байқауда тек өлең оқылып қана қоймай, керемет күй шертілді. Қосшы мәдениет үйінің «Алтын перне» үйірмесінің домбырашысы Ернат Қазтаев Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындады. Бұл байқауға тамаша әр сыйлады.
Конкурс нәтижесі бойынша бас жүлдеге «Алема» балабақшасының тәрбиеленушісі Балауса Алтынбек ие болды. Бірінші орынды «Алтын бесік», «Алема» балабақшаларынан Ақсүйрік Әбіл, Әдемі Қанат алды. Екінші орынды, «Еркемай», «Алтын дән» балабақшаларының тәрбиеленушілері Райяна Әлімбай, Аниса Бақытжан иеленді. Ал үшінші орынды «Алема», «Балдаурен», «Амина», «Бөбек» балабақшаларының тәрбиеленушілері Ақтілек Айдан, Исламхан Бекжанұлы, Саше Бойко, Мерей Түгелбаева еншіледі. Жеңімпаздарды «Восточный двор» мейрамханасының директоры Кенжебек Қасымбеков марапаттап, ертегілер және балалар энциклопедияларын сыйға тартты.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)