Қосшы қаласында «Ахаң салған сара жол» атты ақындар мүшайрасы жарияланды

Қосшы жаңалықтары
view 189
news

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Қосшы қаласы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Қосшы қаласы Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 8 қыркүйекте «Ахаң салған сара жол» атты ақындар мүшайрасы өтеді. Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары: – Ақындардың жас шамасына шек қойылмайды; - мүшәйраға әр ақын үш өлең жолдауы тиіс; - шығарма мәтіні электрондық нұсқада қабылданады. Автордың тегі, аты, жөні, шығараманың аты көрсетіледі. - ұсынылған шығармамен қоса автор өзі туралы қысқаша мәлімет (өмірдерек), байланыс телефоны мен оқу, жұмыс орыны туралы мәліметті қоса тапсыруы керек; - үміткерлердің шығармалары 2022 жылғы 5 қыркүйекке дейін қабылданады; - мүшәйраның қорытынды шарасы 8 қыркүйекте өтеді деп жоспарлануда; - қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Лайықты деген шығармалар марапаттауға ұсынылады; - қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды; Мүшәйра талаптары: шығармалар төмендегідей тақырыптар бойынша жолдануы тиіс: • бірінші өлең – ана тілі тақырыбында • екінші өлең – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арнау • үшінші өлең - еркін тақырыпта болуы шарт. ‼️Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға қаржылай жүлде қоры қарастырылған. Өтетін орны мен мерзімі: Қосшы қаласының Мәдениет үйі, 2022 жылғы 8 қыркүйек. Шығармалар qosshy_too@mail.ru электоронды поштаға немесе 87755451097 W/app нөмірі арқылы қабылданады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *