Қосшы қоржынынымызда – бас жүлде
Қосшы жаңалықтары
203
Ақмола облысы мәдениет басқармасына қарасты Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған «Қазақтың бұлбұлдары» облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды.
Байқау КСРО халық әртісі Күләш Байсейітованың 110 жылдығы, Қазақ КСР-нің халық әртісі Жамал Омарованың 110 жылдығы және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған. Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан 17 жеке орындаушы қатысты. Қазылар алқасының назарына екі шығарма ұсынылды: біріншісі – Күләш Байсейітова, Жамал Омарова мен Роза Бағланованың репертуарынан, екіншісі – өз таңдауынан.
Өнер таласында жүлделі бірінші орынды Целиноград ауданынан Марал Байшина алса, екінші орынды Сандықтау ауданынан Гүлмира Кенжалина алды. Үшінші орын Көкшетау қаласынан Әйгерім Дәулетханға бұйырыпты. Байқаудың бас жүлдесін Қосшы қаласының бұлбұлы Ақбота Құснадин еншіледі. Кәсібилігі мен өнерімен күллі облысты таңдандырған Ақбота жеңісін Қосшы қаласына арнады. Қаламыздың атын шығарып, қоржынына бас жүлде әкелген Ақбота Құснадинды құттықтаймыз!
Оқи отырыңыз

Қосшы жаңалықтары
Қосшы қаласының дамуы жаңа белеске көтерілуде

Қосшы жаңалықтары
Марат Ахметжанов Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті

Қосшы жаңалықтары
Қосшы қаласының әкімі қала тұрғындарымен кездесті кездесті
Пікірлер (0)