«Лесная поляна» атауы өзгере ме?
Қосшы жаңалықтары
185
Бұл сұрақ 18 тамыз күні қала әкімі Гайдар Қасеновтің Қосшы қаласы ақсақалдарымен кездесуі барысында талқыланды.
«Қосшы қала болғалы бері атқарылған жұмыстар мен болашаққа жоспарлар туралы ақпарат берді», – деп хабарлайды Қосшы қаласының әкімдігі.
Қариялар қаланың дамуы мен тіл мәселесі, жастардың еңбегі туралы сөз қозғады. Сөз сөйлеген белсенді ақсақалдар қаланың сәулеті, автобус аялдамалары, ақсақалдарға арнап аула клубтарының ашылуы туралы ұсыныстар тастады. Кездесуде қозғалған өзекті тақырып – «Лесная поляна» тұрғын үй алабының атауын өзгерту. Бұл туралы небір пікірлер ортаға салынып, талқыланды. Келесі мәселе – «Лесная поляна «тұрғын үй алабындағы рұқсатсыз салынып жатқан кәсіпкерлік нысандары, қоршаулар, бейберекет ілінген жарнамалар болды. Әкім ақсақалдардың ұсыныстарын, шағымдарын мұқият тыңдап, өзгерістердің болатынын айтты.
Ел бірлігінің түп тамырына айналған қариялармен кездесіп, жас қаланың аяқ алысын талқылау – оң бастама. Келісіп пішкен тон келте болмас.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)